Табиғатты қорғау инспекторның өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

0
97

Тұтқындалғандардың үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қарағанды облысында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторының өліміне қатысы бар браконьерлер Қызылордада құрықталды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаевқа сілтеме жасап.

Күдіктілер бүгін, 21-қаңтар күні ұсталған.

«Бүгін ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің жедел уәкілдері Қызылорда облысындағы арнайы операциясының нәтижесінде жеке үйлердің бірінен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлының өлтірілуіне қатысты үш күдікті ұсталды. Қылмыс инспектордың Қарағанды облысы Нұра ауданында қызметтік міндетін атқару кезінде болған еді», – Алмас Садубаев.

Қазіргі таңда дәлелдерді жинақтау және бекітуге бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Қылмыс 13-қаңтар күні Қарғанды облысы Нұра ауданының аумағында орын алған болатын. Сағат кешкі алтылар шамасында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары рейдтік шара кезінде атылған бес киіктің етін тауып алады. Із кесу барысында тіркеу нөмірлері жоқ екі Тоyota Land Cruiser маркалы автокөліктері көзге түсіп, олардың біреуі тоқтатылған. Браконьерлерді тұтқындау кезінде инспекторлардың бірі жараланып, жағы сынған, екінші инспектор бас сүйек-ми жарақатын алады. Кейінірек Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмды.

Тергеу жұмыстарының барысында аталған ауыр қылмысқа қатысы бар үш күдіктінің кім екендіктері анықталды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/