Табиғатта демалудың соңы қайғымен аяқталды: Алматы облысында үш жігіттің өлімінің мән-жайы — Қазақстан жаңалықтары
Алматыда 22-24 жас аралығындағы үш жігіт қыршын кетті. Тауға демалуға шыққан жігіттер қапына қаза болды.
Өткен демалыста үш баланың демалысы өліммен аяқталды. Үш жас жігіт Текелі тауындағы қараусыз қалған шахтада мерт болды.
23 наурыз күні жоғалып кеткен бала достарымен тауға кетіп, қайта оралмайды. Оған әпкесі алаңдап, іздей бастайды.
Бір күннен соң әпкесі жолдасына әлденені сезіп тұрғанын айтып, іздеуге шығады. Текелі қаласындағы қараусыз шахтада балалардың көлігі табылды. Көлікте ешкім болмаған. Тек әуен ойнап тұрады.
Қорқып кеткен қыз әкесіне хабарласады. Олар сол жерден 200 метр жерде шахтаны көреді. Төменге түсіп көрмек болады. Алайда тыныс алу мүмкін болмағандықтан қайта көтеріледі. Полиция шақыртып соларды күтпек болады. Облыстық төтенше жағдайлар қызметкерлері таңертеңінде келеді. Олар қорғаныс киімін киіп, шахтаға түседі.
Шахтаның 350 метр тереңдігінде 23 жастағы Александр Чернов пен 24 жастағы Медет Қоспаевтың, 22 жастағы Сергей Малаховскийдің денесі табылды.
Болжам бойынша, өлімге белгісіз будан улану себеп болған.
«Жылап отырмын. Балаларды жерлеген қандай қиын. Суреттегі балаларды енді ешқашан анасы құшақтай алмайды. Әкесі балыққа апармайды. Әпкесі көрші баланы айтып шағымдана алмайды. Балаларға обал болды. Өте ауыр қаза. Бәріне қайғыра отырып көңіл айтам», -деп жазды Сандугаш Дуйсенова есімді желі қолданушысы.
stan.kz