Сыртқы істер министрлігі Египеттегі елшілік қызметкерінің қазасын растады

0

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Египеттегі елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың қаза болғанын растады. Бұл туралы 17 желтоқсанда министрлік өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Осыған дейін әлеуметтік желіде Жолдасовтың жақындағы оның Каир қаласында қаза тапқанын айтқан. Туыстарының естуінше, «оның денесі өзі тұрып жатқан үйдің алдынан табылған. Арқасы қанаған, мойнында арқан болған». Жолдасовтың туыстары «ол өз-өзіне қол салды» деген ақпарат алғандарын, мұнымен келіспейтіндерін айтқан.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, қазір Египет прокуратурасы тергеу жүргізіп жатыр. Министрлік өкілдері тергеуге қатысу үшін Египетке кеткен.

Министрлік 18 желтоқсанда елшілік қызметкерінің қазасына қатысты толық ақпарат беру үшін брифинг өткізбек.

Azattyq