Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов туралы не білеміз: өмірбаяны мен қызық деректер

0

Қазақстанның сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың еңбек өтілі отыз жылдан асады

Өмірбаяны

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов 1964 жылы 19 мамырда Алматы облысы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Бейбіт Атамқұлов

Білімі

1986 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітіріп, инженер-металлург мамандығының иегері атанды.

Атамқұлов Нығматулинге жауап беремін деп депутаттарды күлдірді

2000 жылы Санкт-Петербург қаласында экономика және қаржы мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірді.

Отбасылық жағдайы

Үйленген, үш баласы бар.

Еңбек өтілі

Атамқұлов еңбек жолын 1985 жылы А.П. Завенягин атындағы Норильск тау-кен металлургия комбинатының жез балқыту зауытында балқытушы ретінде бастады.

  • Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, ауысым шебері, аға шебері, бас инженері, бөлім бастығының орынбасары (1986-1991);
  • Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің жүйесінде қызмет атқарды; «Казметаллэкспорт» республикалық сыртқы экономикалық кәсіпорнының «Черметэкспорт» бас маманы, директоры; «Қазақстан Сауда» сыртқы сауда компаниясының бас директорының бірінші орынбасары (1991-1995);


    ©
    Sputnik / Болат Шайхинов

    Бейбіт Атамқұлов

  • Теміртау қаласындағы «Қарағанды металлургиялық комбинаты» МАҚ бас директорының бірінші орынбасары (1995-1996);
  • Кәсіпкерлік қызметпен айналысқан (1996-2006);
  • Мәскеу қаласындағы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі (2006 -2007);
  • Тегеран қаласында Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы елшілігінің кеңесші-уәкілі (2007-2008);
  • Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстанның бас консулы (Германия) (2008-2010);
  • Қазақстанның Малайзиядағы және Филиппин, Индонезия, Бруней-Даруссалам сұлтандығында қоса атқарушы төтенше және өкілетті Елшісі (2010-2012);
  • Қазақстанның индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы (10.2012-06.08.2014);
  • Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы (13.08.2014-08.2015);
  • Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі (08.08.2015-10.2016);

    Бейіт Атамқұлов Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған кезде сөз сөйлеген сәті

  • Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (07.10.2016-26.12.2018);
  • Қазақстанның сыртқы істер министрі (2018 жылдың 26 желтоқсанынан бастап).

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев туралы не білеміз?

Басқа қызметтері

  • «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (25.12.2012).

Марапаттары

  • «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі (2008).

Ғылыми атағы

  • Экономика ғылымдарының кандидаты.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының өмірбаяны

Қызықты деректер

  • Атамқұловтың 20 жастағы ұлы Диас 2013 жылы маусымда Малайзиядағы Саравак штатының премьер-министрі Пехин Шри Хаджа Абдулла Таиб Махмудтың қарындасына үйленді;
  • Атамқұловтың інісі Мәди (1974 жылы туған) Қазақстан президенті протоколының бастығы.



sputniknews.kz