Сырт аймақтың тұрғындары енгізілген карантинге қарамастан қалаға өтпекші болуда (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысының тұрғындары «Алтын орда» маңындағы блок-бекеттің маңына қалаға кіру үшін жаппай жиналуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

блок

Әлеуметтік желілерде қаланың шығаберісіне жиналған дүйім жұрттың айғай-шу естілетін бейнежазба таралуда. Видеода көліктер мен адамдардың қалаға беттеп, кіре алмай тұрғандығы байқалады. 

Алматының ПД баспасөз қызметі бұл жайт жайлы пікір білдірді. Полиция өкілдері видеодағы халық қала сыртындағы адамдар екендігін жеткізді. 

«Карантин уақытында қалаға ешкім кіргізілмейді деп айтылып, ескерілсе де, кейбір облыс тұрғындары ережеге бағынғылары келмейді. Бекеттегі қазіргі жағдай тұрақты», — деп мәлімдеді ПД өкілі.

Бұған қоса ол қаланың сыртына кетіп жатқандардың аз екендігін алға тартты. 

 

Еске салайық, бұған дейін біздің редакцияның тілшілері блок-бекеттердегі жағдаймен танысып қайтқан еді. Олардың хабарлауынша, қалаға кіретін адамдардан жеке куәлігі мен Алматыда тіркеуде екендігі туралы құжаттары талап етіліп жатқан көрінеді. Бекеттерде тепловизор ұстаған жедел жәрдем қызметкерлері де жүрген көрінеді. Алайда олар келіп-кетіп жатқандарды тексеріп жатқан жоқ екен. 



stan.kz