«Сырғалым» атандым. Ерке Есмаханға сырға салды

0

Жас келін атанған Еркенің шаңырағында сырға салу рәсімі өтті. Райымның туыстары қазақтың салт дәстүрі бойынша қалыңдыққа сырға салды, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.

Ерке өміріндегі маңызды күнде әкесін еске алып, өзінің тілеуін тілеп отырған анасына алғысын білдірді.

“Әкем бүгін бір аунап түскен шығар. Бүгінгі қадамымызға ақ батасын, көп дұғасын айтып ортамызда отырар еді. Жатқан жерің жайлы болсын, әкешім. Анашым, жүз жасаңыз. Тебіреніп, толқып жүрген жүрегіңе Алла күшқуат берсін! Текті әулетке келін, есті жігітке жар болып барамын. Анамның ақ батасымен жаңа өмірге аяқ бастым. Бізге тілеулес болған қазақ халқына рахмет айтамын. Әр әулетте тек бақытты жұптардың қуаныш тойы болсын», — деп жазды әнші.

Өнер иесі қуанышты сәтінен суреттер жүктеп, желідегі парақшасына жариялады.

«Алла маған бес елі бақ берген екен. Шүкір! Раббымыз қыз баланың дұғасына өте мұқият. Бізді сынайтын адам емес, адамның бәрі — пенде. Өткен өмірімде тұрмыста болып, дүниеге ұл әкеліп, ана бақытын сезінсем де, Алланың бұйрығымен «сырғалым» атандым. Қыздар, маңдайға қандай тағдыр, қандай сәтсіздіктер жазылса да, еш мойымаңыздар. Алла әр қыз баласына әйел бақытын береді. Бүгінгі менің қуанышым әр қызға жұғысты болсын», — деп қыз-келіншектерге тілектес екенін білдірді.