Сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлеген: Қызылордада 16 жастағы қыздың ісі бойынша күдіктілер саны тоғызға жетті

0

Қызылордада сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 16 жастағы оқушы қыздың ісі бойынша күдіктілер саны артты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ішкі істер министрлігі ақпаратты растады. Министрлік мәліметінше, қазір іс бойынша күдікке ілінгендер саны тоғызға жеткен.

«Сегіз күдікті қамауға алынды, тағы бір күдікті үйқамақта», – делінген министрлік хабарламасында.

15 тамызда облыстық полиция департаменті іс бойынша кәмелетке толмаған төрт баланың ұсталғанын, олардың үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалып, ал біреуі үйқамаққа алынғанын хабарлаған еді. Ал 24 тамыз күні іс бойынша ұсталған күдіктілер саны сегізге жеткені белігілі болды.

Ішкі істер министрлігінің хабарламасында аталмыш іске қатысты қамауға алынған басқа күдіктілер туралы ақпарат берілмеген.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада сыныптастары 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені туралы жазған едік.