Сын айтқаны үшін. Павлодарлық әйел 82 жастағы кемпірді пышақтап тастады

0

Мәскеудің қақ ортасындағы үйлердің бірінде зейнеткерге қарайлап отырған әйел оны тамағынан пышақтап өлтірді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 82 жастағы кейуана Павлодар қаласының тумасы 31 жастағы Гульчахра Айдароваға бірнәрсеге қатысты ескерту жасаған. Осыдан кейін әйел қарияны мойнынан пышақтап өлтіреді.

Қарт әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Күтуші қамауға алынды. Алдын ала болжам бойынша, оның психологиялық ауытқуы бар. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.