“Сыйлыққа электр шәйнегін берді” — Азия және әлем чемпионы жанайқайын жеткізді
Ютубтағы «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында қонақта болған Қол күрестен Азияның төрт дүркін, әлемнің екі дүркін чемпионы Жарқынай Рахымбаева спорттыға олқылықтармен бөлісті.
Спортшының айтуынша мұндай спорт түріне бөлінген ақша жетпейтін көрінеді. Тренері 500 мың несие алып, әкесі үш жылқысын сатып, өз ақшаларына барған кездер де болыпты.
Тіпті Азия чемпионынан жүлдемен оралғанда Жамбыл облысы қабылдауына шақырмай, Меркі аудандық бұқаралық спорт басқармасы электрлік пеш, кейінгі жарыста электр шәйнегін сыйлаған. Тіпті жетістікті желіге жарияламаған.
фото: видеоскрин