Сыған бароны тұрған үй

0

Тоқсаныншы жылдардың ғасыры миллениумға жақындаған кездер. 1999 үш тоғызды аударса үш алты деп шошығандар заманы. Ақыр заман дегендер ғой сол баяғы. Ананы айтты, мынаны айтты. Бірақ Одаққа оралмаймыз деген сезімен, КСРО-ның ақыр заманы болғанына көз жеткізген кез. Қанатты, талантты адамдардың кезі…

Сол заманға жат көрінетін алып үй болатын. Сыған бароны тұратын десетін. Сырты кірпіш қоршаумен жабылған. Биік темір қақпасының өзі жәй адамның үрейін қашырады. Сол бір мың тоғыз жүз тоқсандардың кезінде Хан сарайдай үй.

Бүгін жұмыс бабымен сол ауданға түсірілімге шықтық. Әлгі үйдің жанына келіп тоқтады көлік… Он жылдай иесіз тұрған ұсқынсыз үйге айналып үлгерген еді сол Баронның үйі. Сөйтсек бізге керегі осы адрес екен. Таң қалдым. Мемлекет балансында екен. Жөндеүден өткен. Тұрмыстық зорлыққа ұшыраған әйелдер орталығына айналыпты сығанның үйі.

Кең сарай, алып терезелер, жоғарыға және төменге кететін баспалдақтар, сансыз бөлмелер мен қуыстар. Өткен ғасырдағы бір «құдайдың» бұл жерде қандай жұмыс табыспен айналасқанын бір Құдай білсін… Оның да ақыр заманы жетті…

Көз жасын төккен ана, әкесін іздеген бала жалтақтап отыр осында. Аянышты көрініс. Зорлық — қорлық . Кінәлі тек — адам баласы.

Ақыр замандар сан түрлі, Күн сөнбесін ! Артынан міндетті түрде жаңа заманның нұры төгіледі…

Заманды кері оқысаң…

Алмас Нұрдосұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

Көрілген: 563    Пікірлер: 0