Сыбызғының дыбысын ешбір аспап қайталап көрген емес

0

Сыбызғы оңай жасалды. Оны ұзын, екіге бөлінген жұқа ағаштан жасайды. Ағаштың ішін тазалап, ойнауға қажет саңылау ойып, екі бөлшекті қайтадан жіппен байлап қосады. Сыбызғыны көбіне іші қуыс қурайдан жасаған. Алғашқы көне сыбызғыларды сары, қара болмаса, өгіз қурайдан жасаған. Ағашы немесе қамысы қатты кеуіп, жарылып кетпеуі үшін оны малдың майымен майлап отыратын болған. Кейін темірден жасалған үрмелі аспаптарымен шеберлер сыбызғыны мыс пен күмістен жасай бастады.

сыбызғы
Фото: Baribar.kz

Қазақстанда сыбызғының ойнау дәстүрі бойынша ерекшеленетін екі түрі бар: шығыс және батыстық. Шығыстық сыбызғының ұзындығы қысқа, диаметрі кіші және конус тәріздес. Батыс сыбызғысы ұзын, диаметрі үлкен.

Сыбызғыдан әсем саздың шығуына үрленген ауа ғана емес, адам көмейінен шығатын дыбыс та әсер етеді. Сыбызғы мен адам көмейінен шыққан үн өзара қосарлана отырып аса үйлесімді, әрі адам құлағына жағымды дауыс береді.

Тәжірибелі сыбызғышылар сыбызғыда біршама үлкен туындылар мен күйлер ойнап бере алады.

сыбызғы
Фото: Baribar.kz

Сыбызғыны бақташылар тұрмыста, жауынгерлер жорықта пайдаланып келген болса, қазіргі кезде музыкалық ұжымдарда ғана қолданады. Мысалы, сыбызғыны “Отырар сазы”, “Жетіген”, “Сазген” сияқты өзге де фольклорлық-этнографиялық оркестрлер мен ансамбльдер қолданып жүр. Оны ойнап, жоғалтпай бүгінге жеткізген – Монғолия мен Қытай қазақтары. Қазіргі таңда аталмыш дәстүрді сол елдің өнерпаздары мен академиялық музыкалық білім алған музыканттар жалғастырып жүр.

Халықаралық жіктеу бойынша сыбызғы қарапайым әрі, ежелгі болғандықтан бүкіл әлемге кеңінен таратылған ашық типті флейталар тобына жатады.

сыбызғы
Фото: Baribar.kz

Қазақтың сыбызғысы сияқты аспап қырғыздарда да бар. Ол да “сыбызғы” деп аталады. Оны тұт, өрік ағашы, қурай және басқа да ағаш түрлерінен жасайды. Мыстан жасалған үрмелі аспап түрі “жезнай” деп аталады. Қырғыз сыбызғысында алты саңылау бар, оның біреуі сыбызғыдан шығатын дыбысты жетілдіруге арналған.

Сыбызғы молдован, болгар және венгр халықтарында – кавал, башқұрларда – курай, түркімендерде – гаргы тюйдук, монғолдарда – цоор, алтайлықтарда – шоор деп аталады.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz