Сыбайлас жемқорлыққа қарсы СҚО-да өткен көрме елді таңқалдырды
СҚО, BAQ.KZ. «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум аясында Жастар сарайында облыс аудандары мен Петропавл қаласының тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қызметі көрсететін көрме ұйымдастырылды.
Әр аудан моноблокта өз қызметі туралы слайдтар, фотосуреттер мен бейнероликтер ұсынды.
Бұл көрме форумның барлық қонақтарын өзінің әсемдігімен және ақпараттылығымен таң қалдырды. Аудан өкілдері түрлі іс-шараларды өткізу тәжірибесімен белсенді бөлісті. Барлық қатысушыларға өз қызметі туралыбаяндады, өз жобаларымен таныстырды.
Осы көрмемен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Елена Степаненко т.б ардақты қонақтар танысты.
Мысалы, «Адал Жол – Честный путь» марафоны аясында Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның балалар демалу лагерлерде неше-түрлі акцияла өткізді. Ал қызылжарлықтар ұйымдастырған ауданда автошеру туралы әңгімеледі.
Ең қызықты презентация Есіл ауданының тұрғындары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша өз қызметі туралы көрсетіті. Олар ақпараттық стенд және тарату материалдары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум туралы қызықты бейнеролик дайындады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ