Светлана Жақыпова мүгедек балаларды қолдау шаралары туралы айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Светлана Жақыпова алты мүгедек баланы асырап отырған әйелді қабылдап, мәселенің мән-жайын сұраған

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мүгедек балаларды қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Мәселен, бізде алты бірдей мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ана бар. Ондай отбасы біреу ғана. Оларға жәрдемақы төленеді. Қазір ол анаға осы санаттағы балаға қарағаны үшін 31 000 теңгеден төлейміз. Оған қоса, олар 41 000 теңгені баланың мүгедектігі үшін алады. Жалпы, шілдеден бастап мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы өскеннен кейін аталған отбасы ай сайын орташа есеппен 82 000 теңге алатын болады», — деді Жақыпова үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз: Көпбалалы отбасыларға мемлекеттен қандай жеңілдіктер мен жәрдемақы бар

Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында вице-министр бұл ананы қабылдап, мәселенің мән-жайын сұрағанын да жеткізді.

«Мен ол ананы Nur Otan партиясында өзім қабылдадым. Сол кезде алтыншы балаға аяғы ауыр болған. Жолдасы жоқ. Сонда бұл балалардың әкелері кім екенін сұраған болатынмын. Ол менің олай сұрауға құқым жоқ екенін айтты. Алла тағала берді. Сондықтан мен туа беремін деп жауап берді. Бірақ ол ана туралы ақпаратты бере алмаймын. Себебі бұл құпия мәлімет саналады», — деп атап өтті вице-министр.

Жақыпованың сөзіне қарағанда, елімізде төрт мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ана да бар. Бірақ ол — патронатты отбасы. Олар елордада емес, басқа аймақта тұрады. Жалпы, Қазақстанда 88 мың мүгедек бала бар.



sputniknews.kz