Суықта мүлде жүре алмайды: 26 жастағы бойжеткеннің суыққа аллергиясы бары анықталды — Қазақстан жаңалықтары
Американың Кливленд қаласының 26 жастағы тұрғыны суыққа аллергиясы барын айтады.
Алиша Макинтайрдың бастапқыда денесі қызара бастаған. Мұны дәрі ішкенінің салдары деп ойлайды. Алайда ем алу кезінде қызыл бөртпелер кетпейді.
«Көлікке отырғанда бөксемнің бөртіп кеткенін байқадым», — дейді науқас.
Ол ауруханаға қаралғанда, дәрігерлер суыққа аллергиясы барын айтады. Оған қарсы дәрі жазып береді. Енді бойжеткен күніне екі рет дәрі ішуге мәжбүр. Дәрінің күші уақытша ғана аллергияның алдын алады.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл аллергия анафилактикалық шоктық күйге түсіре алады. Сондықтан бойжеткенге суықта көп жүруге болмайды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz