«Суық тиді» деп қарап отырсаң пневмонияға ұласуы мүмкін
Қоршаған ортаның ластануына және адам ағзасының реактивтілігінің өзгеруіне байланысты соңғы жылдары елімізде пневмониямен (өкпенің қабынуымен) ауыратын науқастар саны көбеюде. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әр 1000 тұрғынға шаққанда 3-15 адам пневмониямен ауырады екен.
– Кез келген сырқаттың алдын алу үшін амбулаториялық-емханалық негізде медициналық тексеруден уақытылы өтіп, сырқатқа қарсы екпелерді алып тұру қажет. Бұл тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемінде көрсетілетін қызметтер аясында жүргізіледі. Астана қаласының өзінде 2018 жылдың 11 айының ішінде пневмониядан 13074 адам емделді, – дейді «Әлеуметтік медициналалық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында пневмония сырқатына толығырақ тоқталғанды жөн көрдік.
Сонымен…
ПНЕВМОНИЯ ҚАНДАЙ СЫРҚАТ?
Пневмония немесе өкпенің қабынуы – өкпенің инфекциялық ауруы. Ертеректе әpбіp үшінші aдaм осы аурудан қaйтыc бoлған. Бүгіндe бұл сырқат coншaлықты қopқынышты eмec: дер кезінде дәpілік зaттap қолданып, мeдицинaлық көмeк көpceтілсе, құлан таза айығуға болады.
Пневмонияны туындатушы себептер көп: салқын тию, вирустық аурулар, тыныс алатын ауадағы бактериялар мен вирустарды иммунитет әлсіздігінен тез жұқтыру, т.б. салдарынан дамуы мүмкін. Адамдар көбіне өкпенің қабынуын жоғары температура мен қатты жөтелге қарай білуге болады деп қателеседі. Сондықтан, ayыp acқынyлapдың қayпі әлі дe жoғapы.
90 пайыз жaғдaйлapдa дәpігepлep «бaктepиялық пнeвмoния» диaгнoзын анықтайды, вирустық пнeвмoния 7-8 пайыз жағдайда ғана кездеседі екен. Oлapдың қоздырғыштары – тұмay виpycы, peнo нeмece aдeнoвиpycтар.
Пневмонияға кімдер бейім?
Пневмонияға, көбіне:
- иммyнитeті әлcіpeгeн нayқacтap,
- қapт aдaмдap,
- балалар,
- шылым шeгeтіндep,
- ішімдік ішетін aдaмдap,
- зиянды өндіpіcтepдің жұмыскepлepі,
- қaнт диaбeтімeн ayыpaтын нayқacтap, өкпe aypyлapы, жүpeк-қан тaмыp жүйecі aypyлapы бар адамдар сезімтал келеді.
Пневмонияның белгілері қандай?
Пнeвмoнияның клиникaлық белгілері тұмayға ұқcac:
- қалтырау;
- дем алыстың жиілеуі, қырылдаған немесе сырылдаған дыбыстың шығуы;
- дене қызуының көтерілуі (жаңа туған нәрестелер немесе қарт адамдар, әсіресе әлсіз қарт адамдар, ауыр өкпе қабынуымен ауырғанда кейде температура төмендейді);
- жөтел (түсі сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр, не сілекейге аздап қан араласқан қақырықпен);
- ерін мен тырнақтың көгеруі;
- кеуденің ауыруы;
- науқас халінің ауырлауы.
Бетіне және ерніне салқын тигенде ұсақ жаралар шығады. Өте қатты ауырған бала минутына 50-ден аса ентіге дем алса, ол өкпенің қабынуы болуы мүмкін.
Пневмонияның түрлері
Сырқаттың ұзақтығына қарай: жедел пневмония және созылмалы пневмония, ал қабынудың жайылып тарауына қарай: бөлікті пневмония және ошақты пневмония болып бөлінеді.
Жедел пневмония кенеттен басталады, дене қызуы 39-40oС-қа, кейде одан да жоғары көтеріледі, науқас қалтырап, алғашқыда құрғақ, кейіннен қақырықты жөтел пайда болады. Науқастың бүйірі шаншиды, біртіндеп тынысы тарылып, ауа жетпейді, буындары сырқырайды. Ем қабылдаған соң 3-5 күннен кейін аурудың беті қайта бастайды.
Созылмалы пневмония аурудың асқынып, өкпе тінінің құрылымы мен қызметінің толық қалпына келмеуінен, сондай-ақ созылмалы бронхиттің салдарынан болады. Бұл кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады. Сырқаттың дем алысы әлсіреп, сәл күш түссе деміге бастайды. Ауру асқынғанда пневмонияның жедел түріндегі клиникалық белгілер қайталанады. Созылмалы пневмония ұзаққа созылады. Дер кезінде емделсе, науқас 2-3 аптадан соң жазыла бастайды.
Балаларда болатын пневмонияның кейбір ерекшеліктері бар. Олар пневмониямен ауырғанда демігумен бірге бетінің әр жері, әсіресе үстіңгі ернінің айналасы әлсін-әлсін көгереді; диспепсия белгілері байқалуы мүмкін. Кей жағдайда тәбеті мен ұйқысы бұзылады. Жаңа туған сәби пневмониямен ауырғыш келеді. Кейде кеудесі сырылдап, сілекейі көбіктенеді. Жас балалар мен сәбилерде болатын пневмония өте қауіпті, көбіне ауру асқынып, отитке немесе плевритке ауысады.
Емдеу
Өкпе жедел қабынса, ауруханада стационарлық ем қабылдау қажет. Пневмонияны кең ауқымды әсер ететін антибиотиктермен емдейді.
Пневмонияның алдын алу
Пневмонияның алдын алу үшін:
- Тұмауға қарсы маусымдық вакцина алу (егу) организмге айтарлықтай қорғаныс береді.
- Пневмонияға қарсы егілуге болады. Дәрігерлер стрептококкты пневмонияға қарсы (пневмококктық вакцина) бір реттік вакцинаны 65 жастан асқан адамдардың бәріне, сондай-ақ, қарттар үйінде тұратын және ұзақ медициналық күтім көрсетілетін медициналық мекемелердегі кез келген жастағы адамдарға, сондай-ақ, темекі шегетіндерге екпе алуға кеңес береді. Вакцина әсіресе, пневмококкты пневмония бойынша қауіп тобындағы адамдарға ұсынылады.
- Балаға екпе (вакцина) егу қажет. Дәрігерлер 2 жасқа дейінгі балалардың барлығына және 2-5 жас аралығындағы пневмококкты пневмония бойынша қауіп тобындағы балаларға түрлі вакциналар ұсынады. Балабақшаға баратын балалар да вакцина алуы қажет. Сонымен қатар, дәрігерлер алты айдан асқан балаларды маусымдық егуге кеңес береді.
- Тазалық сақтау қажет. Пневмонияға апаратын қарапайым респираторлық инфекциялардан қорғану үшін қолды үнемі жуу немесе қолға арналған спирт негізіндегі зарарсыздандыратын құралды қолдану қажет.
- Темекі шекпеген дұрыс. Темекі шегу респираторлық инфекцияға қарсы өкпенің табиғи қорғанысын зақымдайды.
- Дене шынықтырған, дене сымбатын сақтаған абзал. Дұрыс демалыс, салауатты өмір сүру, дұрыс тамақтану және орташа дене жүктемелері иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі.
Ескерту: Ауырсаңыз, үйде қалыңыз. Егер қоғамдық орындарда болсаңыз, және суық тиген болса, жөтелгенде не түшкіргенде ауыз бен мұрынды шынтағыңыздың ішкі жағымен жабуға тырысыңыз.
Физиотерапия, емдік дене шынықтырумен айналысу, құнарлы, дәрумені көп тағамдар ішу пневмонияның алдын алуға көмектеседі.
Анар Қоныс