Суық, қалың қар, жел. Үш күндік ауа-райы

0

«Қазгидромет» РМК 10-12 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамын ұсынды.

Солтүстік-батыс антициклон бүкіл республикада жауын-шашынның біртіндеп тоқтауын және ауа температурасының төмендеуін тудырады. Қазақстанның солтүстігі мен шығысында ғана қар жауады деп күтілуде. Шығыста онкүндіктің басында қатты қар жауады, жел күшейіп, қарлы боран болады, деп хабарлады департамент.

КЕЙ ЖЕРЛЕРДЕ ТҰМАН ТҮСІП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ.