Сүтті шайдың ешкім күтпеген зияны анықталды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сүт қосылған шай ішкенді ұнататындар түрлі ауруға шалдығады. Сол себепті сүт пен шайды бөлек ішкен дұрыс, дейді мамандар

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек — Sputnik. Ұлыбритания ғалымдары сүтті шайдың зиянын анықтады. Олар бірнеше зерттеу жүргізіп, сүт қосылған шай ас қорыту жүйесіне, асқазан-ішек жолдарының жұмысына кері әсерін тигізетінін дәлелдеді.

«Сүт пен шайды араластырып ішкенді ұнататындар асқазан-ішек жолдары ауруларына жиі шалдығады. Одан кейін нефролог мамандарға жиі қаралады. Себебі шайды сүтпен бірге ішу бүйректе тас және құмның жиналуына әкеледі», – дейді мамандар.

Сарапшылар бұны сүт өнімдерінің басқа тағамдармен сәйкес келе бермейтіндігімен түсіндіріп отыр, деп хабарлайды webinfo.kz порталы.

«Бұл жағдайда берілетін бір-ақ ұсыныс – сүт пен шайды бөлек-бөлек ішу керек», – дейді ғалымдар.

Мамандар шайды лимон қосып ішкен дұрыс екенін айтады. Сондай-ақ, сарапшылардың мәліметінше, сүт қосылған кофе сусынның зиянды әсерін азайтады. Дегенмен сүтті кофені де көп ішу зиян.

Тағы оқыңыз: Дәрігерлер балдың денсаулыққа қаупін айтты



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз