Суреттен бірінші не көрдіңіз: өзгерту керек мінезіңізді анықтаңыз
Аталмыш психологиялық тест сіздің болмысыңызда тануда таптырмас құрал екен. Бұл тестілеуді АҚШ-тың көптеген компаниялары жұмысқа қабылдамас бұрын өткізеді. Сәйкестігі 96 пайыз.
Ағаш
Сіз өзіңізге өте сенімдісіз. Осы орайда сізге үнемі қолдау көрсетіп жүретін достарыңыз бен жақындарыңыздың алатын орны ерекше. Алдыға қойған мақсатыңызға жету үшін барлығын жасағанды ұнатасыз. Ешкімнің көңілін қалдырғыңыз келмейді. Алайда адамдардың жоспарлары жиі өзгереді. Сондықтан мәселені шешу барысында қызуқандылыққа салына бермеңіз.
Арыстан
Сіз биіктіктен қарағанды ұнатасыз. Ең қызығы сізге игі ниетпен жақсы сөздерді жиі айтады. Бірақ сізді көре алмайтындар да жетерлік. Оған көбіне өзіңіз кінәлісіз. Сеебі көбінен асқақ тұрғанды кеуделенгенді әдетке айналдырғансыз. Сондықтан өзіңізді тәрбиелеңіз. Бәрінен биік екеніңізді білсеңіз де, олармен тең сөлесуді үйреніңіз.
Горилла
Сіздің алдыға басуыңызға белгісіз адамдар кедергі келтіруде. Сіз мұны сезесіз. Жұмысыңызда немесе сүйіктіңізбен қатынаста белгілі бір мәселелер бар. Өзіңізге ауа жетпейтіндей әсердесіз. Бірақ қол қусырып отырмаңыз. Мәселенің шешімін іздеген адам табады. Мұндай сәттердің арты үнемі жақсылыққа бастайды.
Інжу ӨМІРЗАҚ