Сурдлимпиада чемпионына Абаев 250 мың долларды қалай тауып бермек?

0

Сот Мәдениет министрлігіне Еркебұлан Қанафинге 250 мың доллар ақша төлеуге міндеттеді. Спортшы Бразилияда өткен Сурдлимпиада (құлағының ақауы бар адамдар олимпиадасы) ойындарында дзюдодан алтын медаль жеңіп алған еді. Алайда Министрлік оның құлағы еститінін, Сурдлимпиада ойындарына қатысуға құқығы жоқ екенін және ақша төлемейтіндерін мәлімдеді. Сот шешімінен кейін  Protenge  телеграм-арнасы Дәурен Абаевқа ақшаны қайдан және қалай табу керегін айтып, кеңес берді.

«Мәдениет және спорт министрлігі Сурдлимпиада чемпионына 250 мың доллар төлей алмай отыр, алайда сот шешімі шығып, Министрлікке тағы бір міндет жүктеді. Нәтижесінде спортшы сотта жеңді. 250 мың долларды қайдан табу керегін білмей тұрған Абаевқа біз кеңес бермекпіз:

Мысалы, «Еуразия» кинофестивалін өткізуге кеткен миллион долларды үнемдеуге болады, оның отандық кино нарығына пайдасы айтарлықтай көп емес.

Сонымен қатар Сіз биылғы жылы Мәдениет министрлігі роуд-шоуларға бөлген миллиондаған шығындардан бас тарта аласыз. Нақтырақ айтсақ, «Роуд-шоу» — бұл KazakhTourism ұлттық компаниясы өкілдерінің үлкен сомаға Бахрейнге, Сеулге және Дубайға баратын іс-сапарларының  әдемі атауы.

Ал Мәдениет министрлігі мүлдем оқылмайтын, беті ашылмайтын кітаптарға ондаған миллион теңге жұмсап жатыр. Назарбаевтың еңбегі туралы кітапты кім оқи берсін?

Мәдениет министрлігі чемпионға төлейтін 250 мың долларды қалай да табу керек. Ал  Абаев сот шешімін орындауға деген қаншалықты құлшынысының жоғары екенін алдағы уақытта көрерміз», — деп жазды protenge телеграм-арнасы.

Фото: halyq uni