«Сұрақтарын бір жеріне тығып қойсын» — Басы дауға қалған Щучинск әкімі қызметінен кетті

0

Щүчинск әкімі тікелей эфирдегі дөрекі сөздері үшін қызметінен кетті. Бұл туралы Бурабай аудандық әкімдігі мәлімдеді.

«Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 2 қазандағы шешімі негізінде Бурабай ауданы әкімінің 2023 жылғы 2 қазандағы өкімімен Бурабай ауданы Щучинск әкімі Нұрмағамбетов Олжас Байболатұлының өкілеті тоқтатылды.

– Щучинск әкімінің өкілетін тоқтату туралы шешім Олжас Нұрмағамбетовтың жеке өтініші негізінде қабылданды. Бүгін аудан әкімі А.С. Садықов Олжас Байболатұлына Щучинскінің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін алғыс хат табыс етті», – делінген хабарламада.

2 тамызда Нұрмағамбетов Instagram-да Щучинск тұрғындарына алты ай ішінде атқарылған жұмыстар туралы тікелей эфирде есеп берген.  Баяндамадан кейін қала басшысы сұрақтарға жауап бермеуге шешім қабылдап, көрермендермен қоштасқан. Бірақ эфирдің әлі аяқталмағанын байқамай,  «сұрақтарын бір жерге тығып қойсын» деп дөрекі пікір білдірген.

Кейінірек әкім халықпен жанжалды тікелей эфирі үшін қатаң сөгіс алды.

фото: orda.kz