«Сұрағымыз жоқ, бәрі дұрыс»: Әйеліне 12-ші көлік әперген МӘМСҚ экс-басшысына қатысты антикор жауап берді

0

Антикор МӘМСҚ экс-басшысы Айбатыр Жұмағұловқа сұрақтары жоқ екенін айтты.

Әйелі 12-ші көлік сыйлады деп мақтанған қордың бұрынғы басшын Тоқаев жұмыстан алған болтын.

Естеріңізге салйаық, осы шудан кейін шілде айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлаған еді.

Енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов медициналық сақтандыру қорының қызметін тексеру туралы сұраққа жауап берді.

«Біз әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргіземіз. Бұл тексеру емес, болған бизнес-процестердің талдауы. Қылмыстық-құқықтық аспект бойынша қордың бұрынғы директорына сұрақтар туындамайды . Талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірленеді. МӘМСҚ тиімділігін арттырады », — деді Олжас Бектенов Antikor.LIVE онлайн брифингінде.