Супер ханымдар 1 миллион теңге үшін тартысқа түседі

0

Бүгін Hit tv арнасында бұрын-соңды еш жерде жарық көрмеген «Super Woman» жобасы жарық көрді.

Жобаның авторлары және жүргізушілері журналист Мұхит Сапарбаев пен белгілі коуч Жанар Ханқызы.
» Super woman реалити-шоуы қазіргі заманғы әйелдер өміріндегі өзекті мәселелерді қозғап, қыз-келіншектерге өмірден өз орындарын табуға, тұлғалық, рухани жағынан дамуға жол ашады. Отбасылық проблемалардың бетін ашу арқылы қыз-келіншектерге осындай ситуациялардан қалай шығу керек екенін көрсету, көмектесу. Көп әйелдер бұл жобадан өзінің немесе танысының тағдырын көреді. «-дейді жоба ұйымдастырушылары.

Жобаға танымал блогер мен тик-токер қыз-келіншектер қатысуда. 10 қатысушы — басты сыйлық 1 млн теңге үшін қызықты таласқа түседі. Жобаны көрермендер әр сенбі сайын Hit tv арнасынан сағат 16.30-да тамашалай алады.