Сүлейменов: Қонаев Қазақстанның атын шығарып жүргендердің барлығын қорғады – басшы осындай болуы керек

0

 Белгілі қазақстандық ақын, саясаткер және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов «Жапан дала жабайы» өлеңінің билікте Дінмұхамед Қонаев болғандықтан баспаға өткізілгенін айтты, деп хабарлады «Азаттық радиосы».

«Бұл 1937 жыл туралы айтыла бастаған кез еді. Ол кезде мені біраз қорғаштады, өйткені билікте Димаш Ахметұлы Қонаев отырды, онымен жақсы араласатынбыз. Ол ешкімге маған шабуылдауға мүмкіндік берген жоқ. Маған қарсы бірнәрсе ұйымдастырыла қалса, ресми тұлғалар Қонаевқа хабар беретін, ал ол кісі мәселені өзі шешетін», — деді Сүлейменов.

Ол өзі атап өткендей, «1961 жылдан бастап «Адамға табын, Жер, енді…» өлеңінен кейін күллі Совет одағына танылған».

«Америкада, Францияда, Мәскеуде өнер көрсеттім. Қонаев мені республикаға қажет адам деп бағалады, оның халыққа керек адамдарды сақтап қалатын әдісі болатын. Мысалы, Қонаев сол кезде Қазақстанның атын шығарып жүрген Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Шәкен Аймановқа жақсы қолдау көрсетті. Міне, басшы осындай болуы керек. Бұл кеңес қазіргі және болашақ басшыларға пайдалы болады. Қонаевтың қолдауының арқасында еркін жазушы болдым, ешқандай цензура көрмедім, жазғандарым түзеу-күзеуге түсіп көрген жоқ», — дейді ақын.