Сүйінші! Жәнібек Әлімханұлы Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңді

0

«Battle of the Brave» бокс кешінің басты жекпе-жегінде Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын бесінші раундта нокаутпен жеңіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

«Qazaq style» лақапатымен танымал отандасымыз (16-0, 11 КО) Франциядан келген Анауэль Нгамиссенгемен (14-1, 9 КО) қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жек 12 раундқа жоспарланғанымен, Әлімханұлы қарсыласын бесінші раундта сұлатып түсірді.

Жәнібек осы жеңісімен IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін сәтті қорғап қалды.