Сүйіктісімен айырылысқан ару өзіне-өзі тұрмысқа шығып алды

0
160
Сурет: weddingclub

АҚШ-тың Атланта қаласында 35 жастағы азаматша жігітімен айырылысқаннан кейін өзіне-өзі тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Nur.kz сайты.

Мег Тейлор Мориссон 2020 жылы өткен Хэллоуин қарсаңында тұрмысқа шығуды армандаған. Алайда маусым айында сүйіктісімен айырылысып, жоспарының орындалмасын түсінген.

Сол кезде Моррисон той жасау үшін өзіне екінші жарты керек емес деген шешімге келген. Америкалық азаматшаның сөзінше, осылайша ол өзін қаншалықты жақсы көретінін көрсетпек болыпты. Салтанатты кешке Моррисонның ең жақын достары мен туыстары жиналған.

Рәсім кезінде ол өзі жазған антты оқып, айнадағы бейнесін сүйген. Моррисон осы арқылы жақсы тәжірибе жинақтағанын, өзінің денсаулығы мен бақытын бірінші орынға қоюды түсінгенін айтады.