Сүйікті адамыңыздың сізге бауыр басып қалуына әсер ететін әдістер

0

Сүйікті адамыңыздың сізге бауыр басып қалуына әсер ететін әдістер

Бақытты жұптардың өзіне үнемі қарым-қатынасын жақсартып отыру керек. Ал сіздің сүйіктіңіздің сізге бауыр басуына одан сайын ықпал ететін бірнеше қарапайым әдістер бар. Сонымен құлақ салыңыз

 

Хобби мен қызығушылық

Ғашықтардың ортақ құндылықтары болуы керек. Ал хобби мен қызығушылық одан да маңызды. Сондықтан өзіңіздің және сүйіктіңіздің хоббиіне көңіл бөліңіз.

Серігіңізді өзгертуге тырыспаңыз

Егер бір адаммен кездесіп жүрсеңіз ол адамды бар болмысымен қабылдаңыз. Сіз өзгертетін бір адам болса бұл сіздің өзіңіз.
 
Бірге көбірек уақыт өткізіңіз
 
Сүйіктіңізбен көбірек уақыт өткізуге тырысыңыз. Кешкі ас ұйымдастырыңыз, кинотеатрға барыңыз. Ең бастысы бірге болуға тырысу.

Қарым-қатынастарыңыздың мақсатын ұмытпаңыз

Егер араларыңызда қиындықтар болса бір-біріңізді түсінуге тырысыңыз, бір-біріізге уақыт бөліңіздер. Бұл үшін ең алдымен қажеттіліктеріңізге назар аударыңыз.

Махаббат пен қамқорлық көрсетіңіз

Біз кейде сүйетін адамымызға сүйетінімізді айтудың қажеті жоқ деп ойлаймыз. Ал шын мәнінде барлық адам махаббатқа мұқтаж. Және махаббат сөздерін әркім әркез естігісі келеді.

Бір-біріңізге сеніңіз

Бір-біріңізге қалтқысыз сеніңіздер.

Берген уәделеріңізді орындаңыздар

Сүйіктіңізге уәде беріп, оны орындамай қоймаңыз. Бұл сенімге селеку түсіреді.
 
Дереккөз: Сегодня

Дереккөз: http://reactor.inform.kz