«Сүйген қыздарыңмен туған анаңды салыстырмашы»: депутат Ринат Зайытов жас ақындарға ренішін білдірді
Танымал айтыскер ақын, бүгінде мәжіліс мінберінен сөйлеп жүрген Ринат Зайытов жас ақындарға өтініш айтты, деп жазады Kznews.kz «ХабарLIKE»бағдарламасына сілтеме жасап.
Айтыскер ақын Ринат Зайытовтың айтуынша, жас ақындарда қазір жаман тенденция қалыптасып келе жатыр. Ол — сүйген қызы мен туғани ананы салыстыру.
«Жас ақындарға ренжитінім бар. Осы жерде айта кетейін. Құрметті жас ақындар! Сүйген қыздарыңмен туған анаңды салыстырмаңдаршы, өтініш. Бізде жаман тенденция пайда болды. «Анамнан кейін өзің әдемі», «Әлемдегі екінші сұлу қыз сенсің, біріншісін менің әкем алған» деген сияқты.
Ана мен әйел деген — екі түрлі адам. Екеуін салыстыру адамдыққа жатпайды», — деді Ринат Зайытов бағдарламада.
фото: total.kz