«Сүйемін сені»: Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаева қол ұстасып жүр(ВИДЕО)

0

Осыған дейін екі әншінің де жеке-жеке отбасы бар екені хабарланған

Желіде Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаеваның махаббат әнін орындаған видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тойға барған қос әншінің қол ұстасып бірге шыққанын әрі орындаған әндерінде де бір-бірінің есімі айтылғанын байқауға болады.

«Ғашықпын ғой, Әйгерім, өзіңсің осы өмірдің жарқыраған гүлі әдемі, сүйемін сені», деп Нұрлан Әлімжанов орындайды

Ал Әйгерім Қалаубаеваның әнінде мынандай қатар бар: «Сүйемін деген сөздерің рас па, жаным, Нұрланым».

Айта кетейік, осыған дейін екі әншінің де жеке-жеке отбасы бар екені хабарланған болатын.