Суицид және статистика: Балаларды қандай ойын өлімге итермелеуде?
16 қыркүйекте Алматыдағы екі жетінші сынып оқушысы Жамбыл мен Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы көпқабатты үйдің төбесінен құлап қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.
Қыздар дене шынықтыру сабағынан бас тартып, дүкенге бару керек деген сылтаумен мектептен шығып кеткен. Оқиға туралы әлі ресми ақпарат жоқ, бірақ куәгерлердің айғақтары тарап жатты. Олардың айтуынша, қыздар құлағанға дейін де, құлап бара жатып та айқайламаған. Сондай-ақ, трагедия куәгерлері қыздардың бірінің телефонынан хат-хабар тапқанын айтты:
Қыздармен нақты не болғаны белгісіз, бірақ болған оқиға қоғамда пікірталас толқынын тудырды. Оған тіпті «Көк кит», «Қызыл дельфин» сияқты ойындардың әсері бар екенін айтып жатты.
Айта кетейік, биылғы жылдың алғашқы жеті айында Қазақстанда екі мыңнан астам аяқталған суицид жағдайы тіркелді, оның 112-сі балалар. Бұл ретте 2023 жылы біздің еліміз wisevoter ұйымының нұсқасы бойынша суицидтер саны бойынша 178-ден 19-шы орында тұр. Қазірдің өзінде бұл бір ғана нәрсе «өлім ойындары» туралы пікірталасты өзекті етеді.
Адамды суицидке мәжбүрлейтін қауіпті ойынның шырмауына шатылғандардың дені жасөспірім балалар. Олар небәрі 12-16 жаста. Оқушылар өздерін ешкімге керексіз сезініп, ата-анасының әр сөзін негативті тұрғыдан қабылдайтын кезеңдер болады ғой. Осыны дөп басқан ойын авторлары арам ойын жүзеге асырады екен. Әлеуметтік желі де шу болып, талқыға түскен ойын осыдан екі жыл бұрын, яғни 2015 жылы Ресейде шыққан.
Бұл ойынды ұйымдастырушы Филипп Лисс есімді 21 жастағы жігіт. Алғашқы мақсаты пабликке адам жинау арқылы атақты болу болған. Және сол арқылы қызықты ойындар ойнатуды жөн көрген. Ол өз сөзінде «Менің парақшамда суицидті насихаттайтын ешнәрсе жоқ» деп ақталған.
фото: iz.ru