Суханбердиеваның кенже ұлының қазасының мән-жайы белгілі болды

0
61

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Алматы облысында төрт жасар бала бассейнге батып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде — Sputnik. Бұрынғы білім вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның ұлының қазасының мән-жайы белгілі болды.

Қайғылы оқиға бейсенбі Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылында болған. Сағат 22:10 кезінде Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік бөліміне үйдің ауласындағы бассейнге кішкентай баланың батып кеткені туралы хабарлама түсті.

«Оқиға орнына келген Іле ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері 2015 жылы туған баланың үлкендердің қарауынсыз қалған баланың үйдің маңындағы бассейнге құлап батып кеткенін анықтады», – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін Эльмира Суханбердиеваның әріптестері мен блогерлер бұрынғы вице-министрдің кенже ұлы көз жұмғанын, оның бассейнге батып кеткенін хабарлаған еді.



sputniknews.kz