Суға шомылған ер адамды бактериялар жеп қойды

0
67

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

АҚШ-тың Флорида штатының тұрғыны Дэйв Беннет теңізде қауіпті бактерия жұқтырып алған

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде — Sputnik. 66 жастағы америкалық Дэйв Беннет теңізге шомылып, қауіпті бактерия жұқтырған. Ол екі күннен кейін қайтыс болды.

Қайғылы оқиға АҚШ-тың Флорида штаты Дестин қаласында болған. 66 жастағы ер адам теңізге шомылған соң, денесінде қызыл дақтар пайда болыпты. Бірнеше сағаттан соң дақтар қарайып кеткен. Салдарынан Дэйв Беннеттің температурасы көтеріліп, қалтырай бастаған, деп хабарлайды Metro басылымы.

Медиктер ер адам мәйітін сараптамадан өткізген соң, оның қаны бұзылғанын анықтаған. Ішкі органдарына да зақым келген. Дэйв Беннеттің өліміне Vibrio vulnificus (вибриондар) бактериялары себеп болған.

Дәрігерлер бұл бактериялар тұзды суда мекендейтінін, холера ауруын тудыратынын айтады. Сондай-ақ, олар ашық жараға түскен соң, сау тіндерді зақымдайды.

Тағы оқыңыз: Қолға арналған кептіргіштер аса қауіпті – ғалымдар

Ал Дэйв Беннет туыстары оның денесінде ашық жара болмағанын айтады. Бірақ ол қатерлі ісікпен ауырған, содан иммунитеті төмендеген.

Бактериядан көз жұмған ер адамның қызы бұл оқиғаны адамдарға қауіптің алдын алу үшін айтыпты. Ол әкесі теңізде шомылған кезде қауіпті бактериялар туралы ескерту белгісі болмағанын айтады.



sputniknews.kz