Суға кеткен журналистің денесі 5 күннен соң табылды

0
807

Ақмола облысында суға кеткен журналистің денесі 5 күннен соң табылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі.

«Ақмолалық құтқарушылар бес күн бұрын Астана су қоймасында суға батып кеткен 27 жастағы бойжеткеннің денесін тапты. Іздестіру жұмыстарына құрамында 10 адам, іздеу иті және екі моторлы қайығы бар (оның біреуі стационарлық эхолотпен жабдықталған) құтқарушылар тобы жұмылдырылды. Сүңгуірлерге қатты жел мен су тубіндегі балдырлар кедергі келтірді»,— деп түсіндірді ведомство.

Марқұм болған Изатима Самтықбаева бұрын БАҚ-та қызмет еткен.