Суданда әскери ұшақ құлады: 18 адам қаза болды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Этносаралық қақтығыстардан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жеткізген ұшақтың бортында мемлекеттік шенеуніктер мен төрт бала болған

НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Батыс Дарфурда (Судан) 2 қаңтар күні кешке «Ан-12» әскери ұшағы құлады, қаза болғандар бар.

Ұшақ Батыс Дарфурдағы әскери әуе базасынан шыққаннан кейін бірден құлады, деп хабарлады Al Arabiya.

Әуе апаты 18 адамның өмірін қиды. Олардың арасында әскери қызметкерлер, судьялар мен төрт бала болды.

​»Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін бес минут өткен соң апатқа ұшырады, салдарынан жеті адамнан тұратын экипаж, үш судья және сегіз азаматтық тұлға қаза болды, олардың арасында төрт бала бар», — деді Судан әскерінің ресми өкілі Амера Мұхаммед әл-Хасан.

Алматыда Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған сәттің видеосы жарияланды

29 желтоқсанда Эль-Генейнада болған ұлтаралық қақтығыстардан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жеткізгеннен кейін ресейлік төрт қозғалтқышты ұшақ Хартумға барар жолда құлады, деп хабарлады Sudan Tribune.



sputniknews.kz