Судан қауіпті вирус табылды: алматылықтарға көлде шомылуға тыйым салынды

0
18
Advertisement

Ай басында алынған сынамадан мамандар адам ағзасына аса қауіпті вирус анықталғанын айтып отыр

Алматыдағы Сайран көлінде шомылу қауіпті болып табылады, деп хабарлайды 24.kz.

Көл суына жүргізілген бактериологиялық сынама нәтижесі адам ағзасына аса қауіпті вирус барын көрсеткен. Сондай-ақ, судағы ішек ауруы таяқшаларының қалыпты мөлшерден тоғыз есе асып кеткені анықталған.

Қазіргі кезде көл аумағы қоршалып, санитарлық қызметтің қатаң ескертпесін елемей, суға түсіп, шомылып жүрген адамдардың әрекеті дұрыс емес дейді мамандар.

«Бүгіннен бастап әкімдік өкілдерімен және арнайы мамандармен бірге түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Мұндай шаралар демалыс күндері де жалғасатын болады», – дейді Алмалы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғалиева.
Айта кетейік, айдың басында алынған көл суының сынамасынан мамандар А гепатитінің вирусы анықталғанын айтып отыр. Осыдан кейін көл маңы қоршауға алынып, шомылуға қатаң тыйым салынды.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз