Суда тіршілік ететін жәндіктер, суда тіршілік ететін жануарлар

0
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Экология негіздері
Тақырыбы: Суды жақсы көретіндер
Мақсаты: 1. Суда тіршілік ететін жануарлар жайлы түсінік беру, құрлықта және суда тіршілік ететін жануарлардың айырмашылығын үйрету.
2. Жануарлардың аттарын, олардың қорегі және жалпы олардың тіршілігі туралы түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.
3. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: балық, түлкі, түйе, үйрек, қоян, қолтырауын, тиіннің ойыншықтары, автобус макеті, судың жағасының макеті, үлестірмелі материалдар.
Әдіс — тәсілдер: Мнемотехника, әңгімелеу, сұрақ — жауап, Триз
Билингвальды компонент: балық — рыба, су — вода, түлкі — лиса, үйрек — утка, қоян — заяц.

Оқу іс — әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс — әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Мотивациялық — қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Келіп шықты күн бүгін!
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы күн апайлар! Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық — ізденістік
— Балалар, мен сендерге жұмбақтар жасырамын (мнемокесте арқылы жұмбақтар жасырылады).
Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды.

— Дұрыс айтасыңдар, бұл – балық.
Шелектеп құйсаң да су жұқпас.

Жабайы үйректер суда жүзеді. Олар – су құстары.
— Ендеше балалар, су әлеміне саяхатқа шығайықшы. Бәріміз көңілді автобусқа мініп, саяхатқа аттанамыз (музыка қойылып, балалар ән айтып, саяхатқа шығады).
— Міне, балалар келдік.
— Мынау судың жағасында тұрған қандай жануарлар?
— Дұрыс айтасыңдар, балық, қолтырауын, үйрек.
— Ал мына құрлықта жүрген қандай жануарлар?
— Жарайсыңдар, яғни бұл жануарлар құрлықта мекендейді екен.

Сергіту сәті
Балық жүзді таза суда,
Бір керіліп, бір жиырылуда.
Жүзіп, жүзіп шаршағанда,
Тығылады тасты құмға.
Қаз қанатын жайды,
Аққу мойнын созды,
Үйрек келіп қонды.
Ендеше судың жағасына келіп қаппыз, балық аулап қайтайық.
«Балық аулайық» ойыны.
Мақсаты: су жануарлары туралы білімдерін кеңейту.
Шарты: берілген суреттегі ашық жерлерге қандай балық сәйкес келетінін жапсыру.

— Балалар, сендер өте алғыр екенсіңдер, біз суда мекендейтін жануарлар жайлы көп мағлұмат алдық, енді өз тобымызға қайтайық. Автобусымыз да келіп қалыпты.
Топқа келіп, «Балықтың көлеңкесін тап!» ойынын ойнаймыз.
Балық туралы білетін тақпақтарын айтып шығады.

Рефлексиялық — түзетушілік Қорытындылау.
«Топтастыр» ойыны
Мақсаты: суда және құрлықта мекендейтін жануарларды ажырата білуге үйрету.
Шарты: судың суреті тұрған қатардағы қалташаларға суда мекендейтін жануарлардың суретін, ал жердің суреті тұрған қатарға құрлықта мекендейтін жануарлардың суреттерін саламыз.
Балалар педагогтің айтқанын орындайды. Ойынды бар ынтасымен ойнайды.

Күтілетін нәтиже:
орындайды: құрлықта және суда тіршілік ететін жануарларды ажыратуға арналған тапсырманы;
түсінеді: құрлықта және суда тіршілік ететін жануарлардың аттары, олардың қоректері, яғни жалпы тіршілігі туралы мәліметті;
қолданады: сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, коммуникативтік және ақпараттық талдай білу дағдыларын.

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/