Суда қалқып жүретін супермаркет ашылды
Дубайдағы Парсы шығанағының жағалауында «Carrefour» халықаралық желісінің суда қалқып жүретін әлемдегі алғашқы супермаркеті жұмыс істей бастады.
Шағын сауда нүктесі бірінші кезекте қайықтар мен су мотоциклдерінде жүзіп жүрген адамдарға арналған. Ол үш жағажайдың қол жетерлік аймағында орналасқан. Мұнда сатып алушыларға шамамен 300 тауардың атауы ұсынылып отыр. Онда түрлі сусындар, жеңіл тамақ, балмұздақ, жеке гигиена заттарын және кейбір медициналық препараттарды сатып алуға болады.
Арнайы терезеге жүзіп келген клиент, қажетті азық-түліктер тізіміне тапсырыс беріп, одан кейін қажетті тауарын алып кете алады. Егер қайық дүкенге жақындай алмаса, оның жолаушылары тиісті заттарға телефон арқылы тапсырыс берген соң, тауар 45 минуттың ішінде бортқа жеткізіледі.
Дереккөз: ҚазАқпарат