Су тасқынынан зардап шеккендер біржолғы төлемдерді ала бастады

0

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендер материалдық залалды өтеуге 300 ден астам өтініш келіп түсті.

7 сәуірде Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен 94 адамға 28 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлемдер жүргізілді. 2024 жылғы 7 сәуірдегі жағдай бойынша біржолғы әлеуметтік төлемдерді алуға барлығы 346 өтініш берілді.

«Тұрғындар мен кәсіпкерлердің су тасқынынан материалдық шығынын есептеу үшін Ақтөбе облысының әр ауданында жеке комиссия құрылды. 2024 жылғы 7 сәуірдегі жағдай бойынша 2018 өтініш келіп түсті, комиссия мүшелері залалды бағалау үшін Ақтөбе қаласы, Әйтеке би, Қобда, Мұғалжар, Темір аудандарындағы 1482 үйді аралап шықты. Ойыл ауданында судың жоғары болуына байланысты мүлікті бағалау жұмыстарын әлі жүргізу мүмкін емес. Келтірілген залалды төлеу тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша жүзеге асырылады», — делінген хабарламада.

Тіркелмеген мүлікті, негізінен бау-бақша мүлкін бағалау үшін жеке механизм пысықталатыны атап өтілді.

фото: Bizmedia.kz