Су тасқынынан зардап шеккен 21 мың қазақстандық үйлеріне оралды

0

Еліміздің орталық және солтүстік өңірлеріндегі су тасқыны жағдайының тұрақтануына байланысты 21 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды.

«Осы уақытта 21 494 адам үйлеріне оралды. Эвакопункттерде 8786 адам қалады, оның ішінде 3814 бала. 4534 тұрғын үй мен 2763 аула аумағынан су бөлінді. 10,9 млн текше метрден астам еріген су сорылды, 3,7 млн қапшық және 1,4 млн тонна инертті материал төселді. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5862 жеке тұрғын үй мен 1065 аула аумағы су астында қалуда»,-деді ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп.

Тұрақты орналасу пункттеріне ТЖМ берілген күштері мен құралдарының бір бөлігі де қайтарылады.

фото: akorda.kz