«Су қоймасында балық жаппай қырылып жатыр»: желіде таралған ақпарат тексерілуде

0
0

Мамандар Қарғалы су қоймасында табылған балық өлекселерін зертханаға жіберді. Сондай-ақ, су сынамасы алынды

АЛМАТЫ, 3 маусым — Sputnik. Ақтөбе облысының тұрғындары әлеуметтік желіде Қарғалы су қоймасында балықтың қырылуы туралы ақпарат таратып жатыр. Оран шаруашылығы мен жануарлар әлемі өңірлік инспекциясының қызметкерлері тексеріс бастады.

Су қоймасының жағасында жатқан балық өлекселерін жергілікті тұрғындар тапқан, деп хабарлайды  «Мой город» порталы.

Олар балықтың қырылуына аптап ыстық себеп болды деген болжам жасаған.

Әлеуметтік желідегі роликті көрген Ақтөбе облысы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі өңірлік инспекциясының мамандары тексеріс жүргізетін болды. 

«Біз болған жағдай туралы Instagram-нан білдік. Балықтарды жинап алдық. Барлығы – 925. Балықтар ветеринарлық зертханаға жіберілді. Тексеріс қорытындысы келесі аптаның басында дайын болады. Мамандар балықты инфекциялық, паразиттік ауруларға тексеріп жатыр. Су сынамасы жасалады», – деді Ақтөбе облысы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі өңірлік инспекциясы бөлімінің жетекшісі Нұрболат Дүйсенов.

Оның айтуынша, балықтардың қырылу себебі тексеріс қорытындысы шыққан соң жарияланады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз