Су қоймасы апатынан зардап шеккендерге мыңнан астам үй салынады – Тоқаев  

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су басқан ауылдардың тұрғындарын қолдау шаралары туралы хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су басу салдарынан үйінен айырылған ауыл тұрғындарына жаңа баспана берілетінін айтты.

«Үкімет Өзбекстандағы су қоймасы апатының салдарынан баспанасынан айырылған Түркістан облысының азаматтары үшін мыңнан астам тұрғын үй салуға кіріседі», — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде.

Еске сала кетейік, 1 мамырда Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылды.

Апат салдарынан көршілес Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы ауылдар су астында қалды. Ауданда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысының бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайды

Қазақстанның оңтүстігінде 7 639 гектар егіс алқабы су астында қалды, оның көп бөлігіне мақта егілген. 2 мамырдан бастап 31606 тұрғын эвакуацияланды.



sputniknews.kz