Студентті коронавирусқа тексеруден бас тартқан дәрігерлер оның өліміне себепші болды – Қазақстан жаңалықтары

0

АҚШ-тың Мичиган штатында дәрігерлер студентті коронавирусқа тексеруден бас тартқан. Соның салдарынан жас жігіт індеттен көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Бұл туралы The Detroit News басылымы жазды. 

25 жастағы Бесси Оффионг инженер-химик мамандығының соңғы курсында оқып жүрген. Оның әпкесі Асаридің сөзінше, соңғы кездері інісі дене қызуы көтеріліп, демікпе мен шаршаңқы күйін айтып, шағымданып жүріпті. Ол бірнеше рет бауырына ауруханаға бар деп кеңес берген. Алайда Бесси дәрігерлердің оны қараудан бірнеше мәрте бас тартқанын жеткізіпті. 

Дәрігерлердің қарауында болған студентті мамандар бронхитке шалдыққан деп үйіне қайтарып жіберіпті. Алайда оның жағдайы асқынып кеткен кезде ғана медицина қызметкерлері оны жансақтау бөліміне жатқызып, науқастың коронавирусқа шалдыққанын анықтапты. Ал 28 наурыз күні Бесси аурудың кесірінен көз жұмған. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз