Студенттерді ғана «аңдитын» қалта ұрылары ұсталды

0

Үш ұры да бұрын сотталған, бір бірімен құрдас болып шықты.

Алматыда жас мөлшері бірдей келетін үш қалта ұрысы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы ПД-не сілтеме жасап.

Алмалы ауданының полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда қалтаға түсетін үш ұрыны ұстады. Үш ұры бөлек «жұмыс істеген» бірін-бірі танымайды. Бір қызығы, үшеуінің де жастары бірдей, әрі үшеуі де бұрын ұрлық үшін сотталған.

– 33 жастағы күдікті В., күдікті Ч. сияқты оның құрдасы, қоғамдық көлікте ұрлық жасаумен айналысқан. Олар алаңғасар студенттердің қалтасына түсумен айналысқан, негізінен ұялы телефондар және ақша мен әмиян ұрлаған. Үшінші ұсталған Б. есімді азамат оқу орындарын торуылдап, ол да студенттердің қалталарын «үптеп» келген, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы, подполковник Данияр Меңдебаев.

Ұсталғандар тергеу абақтысына жабылды. Оларға қарсы ҚР ҚК 188 бабы бойынша тергеу басталды.

– Қалта ұрылары қашан да болған. Олардың басты ұстанымы – ешкімнің күдігін тудырмай, елеусіз қалу. Олар таза киініп, өте сыпайы болып көрінеді, тіпті діншіл болып та көрінуге тырысады. Қалта ұрыларын көп адамның арасынан ажырату мүмкін емес, сол себепті азаматтарды қоғамдық орындарда өте сақ болуға шақырамыз, – деп қосты подполковник Меңдебаев.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz