Студенттерден «арзан сыйлық» алғанына ренжіген мұғалім жұмыстан шығып қалды

0
797

Бұхара мемлекеттік университетінде 8 наурызда 300 мың сумның (шамамен 30 доллар) «арзан сыйлығын» алған үшін студенттерге ренжіген мұғалім жұмыстан шығарылды.

Бұның алдында блогер Умид Гафуров Troll.uz telegram-арнасында осындай мәлімет таратып, министрліктен мәселені шешіп беруін сұраған.

Блогердің хабарлауынша, мектепке дейінгі білім факультетінің студенттері топ жетекшісіне 8 наурызда гүл мен 200 мың сум (19 доллар) сыйлаған.

«Осындай жағдайға тап болған студенттер болса, маған хабарлассын. Бізге білім беру жүйесін бірге жетілдіру керек», – деп жазды Бұхара қаласының блогері.

Өзбекстанның жоғары және орта арнайы білім министрлігі тексеру жүргізіп, арзан сыйлық алғаны үшін ренжіген мұғалімді жұмыстан шығарғанын хабарлады. Министрлік жоғары білім беру жүйесінде «жемқорлықтың түрлі көрінісіне» орын жоқ екенін ескерткен.