Студенттер шәкіртақысы жаңа жылдан бастап ұлғаяды

0
899

Президент стипендия 2016 жылдан бері көтерілмегенін айтты. Ол білім сапасы мен қолжетімділігін арттыру маңызды міндеттердің бірі екеніне тоқталды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жылдан бастап студенттердің шәкіртақысы ұлғаяды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тоқаев студенттердің шәкіртақысын көтеру назардан тыс қалғанын атап өтті. Айтуынша, стипендия 2016 жылдан бері көтерілмеген.

«Бірақ оның объективті себептері бар еді. Сондықтан студенттерді қолдау үшін мен шешім қабылдадым. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысы 25 процентке көбейеді. Бұл шара 130 мың адамды қамтиды», – деді президент жастармен кездесуінде.

Осыған ұқсас қолдау колледж студенттеріне де көрсетіледі. Нәтижесінде 100 мыңдай адамның шәкіртақысы артады.

«Менің тапсырмам бойынша, үкімет 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы орта білім алатын колледж студенттерінің стипендиясы 25 процентке өседі», – деді мемлекет басшысы.

Тоқаев білім сапасы мен қолжетімділігін арттыру маңызды міндеттердің бірі.

«Атамекен» ҰКП мәліметтері бойынша, бүгінде жоғары оқу орындарын тәмамдаған түлектердің 60 процентке жуығы өз мамандығымен жұмыс таба алмайды. Бұл біздің білімнің сапасы қандай деңгейде екенін көрсетіп отыр», – деді президент.

Мемлекет басшысы білім алатын жастарға мамандық бойынша жұмыс істеп, теория мен практиканы ұштастыруға кеңес береді.

 

Сонымен қатар, Тоқаев өңірлерде жоғары деңгейдегі университет пен колледждер құру ісін жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Айта кетсек, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар Жастар жылының жабылуы мен Волонтер жылының ашылуына арналған шараға қатысты.
Жастармен кездесу елордадағы ЭКСПО кешенінде өтті.

sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз