Студент жігіт үйді өзі иемдену үшін ата-анасы мен әпкесін өлтіруге киллер жалдады
Қазір тергеу жүргізіліп, іс сотқа жіберілді.
Сочиде 23 жастағы студент өз ата-анасы мен әпкесін өлтіруге тапсырыс берді. Оосылайша үйді өзі иемденбек болған деп жазады stan.kz.
Ата-анасын өлтіруге тапсырыс берген студент камераға түсіп қалды.
Жігіттің киллерлермен сөйлесіп жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Киллерлердің рөлін полицейлер атқарды. Ол жігітпен кездесіп, аванс сұрайды. Барлығы 3 млн рубль қаламақы беруге келіседі. Жеке мүлік өз меншігіне қалғанда барлық ақшаны төлеуге келісіп, қолхат жазады.
Тапсырыс беруші киллерге адам өлімінен соң жалғыз қалғандай сезініп, жылап жүретін адам болып көрінетінін айтады. Ол тапсырысты орындаушыларға үйдің бөлмелерін, қай жерде камера тұрғанын, ит барын ескерутеді. Осылан кейін аңшылық пышағы мен бетперде береді.
Қазір тергеу жүргізіліп, іс сотқа жіберілді.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/