студент таксиде жүкті әйелді босандырып алды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Баланың әкесі әйелін босандырып алған студент қызды әлеуметтік желілер арқылы іздеген. Қазақстандықтар бірден көмектесіп, қызды тапты

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан — Sputnik. Хирург-интерн Данара Шайхина таксиде жүкті әйелді босандырып алды. Олар бірге Алматыдан Талдықорғанға бара жатқан. Жедел жәрдем қызметін күтетін уақыт болмапты.

«Күйеуі рөлде отырды, әйелі жанында болды. Ал мен көліктің артқы жағында отырғандықтан, әйелдің аяғы ауыр екенін де көрмедім. Айғайлаған дауыс естіген кезде бірақ оянды. Сағат түнгі 11 кезі болатын. Өте қорқынышты болды. Бірақ баланың басы көрініп тұрды. Сондықтан өзімді қолға алып, университеттегі бар оқығанымды еске түсірдім», — деді студент қыз inAlmaty.kz.-ке берген сұқбатында.

Бәрі сәтті аяқталды. Сәби дүниеге келді. Данара оның кіндігін өзі кесті. Кейін әйел ауруханаға жеткізілді. Баланың әкесі қатты қобалжыған болар студент қыздың телефон нөмірін алуға да ұмытып кеткен. Кейін әлеуметтік желі арқылы тауып алды. 

Тағы оқыңыз: Жамбыл облысының полицейлері жол үстінде жүкті әйелді босандырып алды

«Кеше хабарластық. Баланың атын қоюды ұсынды. Мен оның атын Әбдікәрім деп қойдым», — деді Данара.

Данара Алматыдағы Асфендияров атындағы медициналық университеті «хирургия» бөлімінің жетінші курсында оқиды.



sputniknews.kz