Студент қыз «Ақтау аруы-2018» байқауының жеңімпазы атанды (фото) — новости Казахстана

0

Динара Сарыева «Ақтау аруы — 2018» байқауының жеңімпазы атанды. 18 жастағы бойжеткен қазылар алқасының жүрегін жаулап алған деп хабарлайды NUR.KZ.

lada.kz

Фото: lada.kz
Source: UGC

Байқау бес кезеңнен тұрған: флеш-моб, өзін таныстыру, дефиле, Ақтау туралы хикая және өнер көрсету.

Осы кезеңдердің нәтижелері бойынша қазылар алқасы Динара Сарыеваға жеңімпаз деп тапты.

Динара Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде оқиды.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz
Source: UGC

Бойжеткен байқаудың соңына дейін өзіне сенімсіз болғанын мәлімдеді.

«Ақтық сайыста «вице-ару» лауазымын жеңіп алған қыздың тегін естігенде, қандай да бір лауазым алу мүмкіндігім азайып бара жатқанын түсініп, жылап жібере жаздадым. Бірақ сосын менің есімім мен нөмірімді атады, сол сәтте ең үздік болғанымды түсіндім», — деп ағынан жарылды Динара.

Бойжеткеннің бойы 180 сантиметрге жуық, параметрлері: 92-72-100.

Бұл көрсеткіштер әйел сұлулығының қалыптасқан параметрлеріне сай болмаса да, Динара Ақтау қаласының ең сұлу аруы болып танылды.

Бойжеткен жақындары мен достарына, әсіресе модельдер мектебінің жетекшісі Татьяна Николаевна Коробейниковаға алғысын білдірді.

«Жақындарым мен таныстарымның, ұстаздарымның қолдауынсыз бұл қолымнан келмес еді. Осы жетістікке солардың арқасында қол жеткізіп тұрмын», — деп Динара Сарыева баса айтып өтті.