Стрип-пластиканы меңгерген әжей бүкіл дертінен айықты
65 жастағы әжей ерекше ермегінің арқасында 25 келіге арықтаған
Новосібір қаласында тұратын зейнеткер Светлана Мирошкина сексуалды би билегенде жас қыздардан кем түспейді: шестпен төбеге дейін көтеріліп, басымен төмен қарай салбырап тұра алады, тіпті шпагат та жасай біледі. Стрип-платсиканы меңгерген ол жоғары қан қысымы дертінен айығып қана қоймай, артық салмақтан да құтылды.
5 жыл ішінде әйел 25 келіге арықтап, қиын трюктерді үйренген.
100-ге толған әжей күйеуге шықты
Әлеуметтік желіде стрип-пластика бишісінің көздің жауын алатын суретін көріп, шестте би билеуге қызығушылығы оянған екен.
Светлана жұрттың қаңқу сөзі мен сынап-мінегеніне мән бермейді. Ең бастысы, немерелері дән риза, әжелерін мақтан тұтады.
Супер әжей тағы да жұрттың жағасын ұстатты — видео
Дереккөз: https://sputniknews.kz/