стюардессаның күйеуі апат болғанын әуежайда естіген  

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ер адам Борисполь халықаралық әуежайына бортсерік болып жұмыс істейтін әйелін күтіп алуға келген болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Тегеран-Киев рейсінде жұмыс істеген «Украинаның халықаралық әуе желілері» компаниясының бортсеріктерінің бірінің күйеуі ұшақтың құлағанын әуежайда журналистерден білген, деп хабарлады РИА Новости.

Ер адам аты-жөнін айтудан және жазу құрылғысына сөйлеуден бас тартты. Тілші диктофонды жасырғаннан кейін Борисполь халықаралық әуежайына бортсерік болып жұмыс істейтін әйелін күтіп алуға келгенін айтты.

Ол әуе кемесінің апатқа ұшырағанын тікелей эфирге шыққан телеарналардың бірінің журналисінен әуежайда естіген. Ер адам жылап жіберді. Ол «Украинаның халықаралық әуе желілеріне» хабарласуға тырысқанмен, ол жерден ресми ақпарат ала алмады. Әуе компаниясы ұшақ апаты жайлы мәліметке түсініктеме бермей отыр. 

Украина ұшағы құлады: Зеленский әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады

Ирандағы әуе апатына байланысты Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі жанынан жедел штаб құрылды. Нақтыланған мәліметтер бойынша, бортта 179 адам болған.

Украиналық ұшақ сәрсенбі күні таңертең Тегеран халықаралық әуежайының маңында құлады.

Украинаның сыртқы істер министрлігі апатқа қатысты ақпаратты растады.  Ал ел президенті Владимир Зеленский апатта қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.  



sputniknews.kz