Стюардессаның ішінен ұрып, бортта бомба бар екенін айтқан: FlyArystan рейсінде шу шығарған ер адам үш жылға сотталды

0

Астана Өскемен бағытындағы Flyarystan рейсінде мас ер адам жол серікті ұрып, кейін араша түспек болған жолаушыға да қысым көрсеткен. Кейін “ұшақта бомба бар” деп қозғалысқа кедергі жасаған ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 13 қаңтарда болған. Мас күйінде ер адам алдымен стюардессаны ұрып, кейін араша түспек болған жолаушыға тиіскен. Ол сондай-ақ, бортта бомба бар екенін мәлімдеген. Салдарынан 153 адам ұшақтың салонынан эвакуацияланды. Бұл көлік полициясы мен авиакомпанияға қосымша шығындар әкелген.

Ер адам осы әрекеті үшін сотталды.

“Сот оған жеңілдететін жағдай ретінде кәмелетке толмаған баласы бар екенін және өкінетінін ескерді. Алайда, орташа ауырлықтағы мас күйі ауырлататын фактор. Ер адам терроризм актісі және әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол үш жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген хабарламада.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.